Шымкент: Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда

Oinet.kz 28-06-2024 398

4.jpg 

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ашық есік күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта отбасын жоспарлау тақырыбында өтті. Таңғы сағат 9.00-ден басталып, 16.00-ге дейін өткен іс-шараға келушілердің қарасы аз болған жоқ.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау, жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты тақырыптарда кеңес береді.

 Ашық есік күнінде қаладағы емханалардағы Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға, қыз-келіншектерге медициналық-психологиялық кеңес берді. Олардың ішінде Шымкент қалалық №6 емхана дәрігерлері тұрғындарды  медициналық тексерістен өткізіп, сауалдарына жауап берді.

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігері Утемисова Ақмарал Нұржанқызы, гинеколог Жанықұлова Гүлбану Мұхтарқызы отбасын жоспарлау бойынша, әйелдердегі кездесетін аурулардың алдын алу, дені сау баланы өмірге әкелу, репродкутивті денсаулық бойынша әңгіме жүргізді.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулыгының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық, жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау әдістері туралы және алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.

"Репродуктивті денсаулық" апталығына орай "Сұңқар" жастар денсаулық орталығының психолог маманы мен әлеуметтік қызметкері келген тұрғындарға кеңестер берді. Сонымен қатар қаладағы 5 жастар денсаулық орталығының мамандары мен эко-орталық мамандары да іс-шараға атсалысты.


Күзде Сиань бизнесмендері Шымкентке келеді
Шымкентте есірткіге қарсы күрес күні аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу