Шымкент тауарлары Сианға экспортталады

Oinet.kz 26-06-2024 748

18.jpg 

Шымкенттің әкімі Қытайдың Сиань қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сиань - әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы.

Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдермен бірге бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізді.

Сапар барысында мегаполис басшысы халықаралық сауда-логистикалық парктің,

"Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы" қызметімен танысты.

Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысы өткен жылы басталды. Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы телекөпір режимінде көлік-логистикалық терминалдың жұмысына бастау берді.

Сиань құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың жобалық қуаты жылына 133 мың жиырма футтық баламасын құрайды. Нысанның жалпы ауданы - 6.7 га. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қала әкімі "Орталық Азия" саябағындағы мәдени көрме орталығына барды. Бұл саябақ Сианьде Қытай мен Орталық Азия елдері көшбасшыларының тарихи сааммитінен бір жылдан соң ашылды.

Орталықта және саябақ аумағындағы ұлттық киімдер, мүсіндер мен кәдесыйлар келушілерге Орталық Азия халықтарының мәдени атмосферасын сыйлайды. Ғимаратта отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған сауда қатарлары орналасқан. "Орталық Азия" саябағының аумағында Ғабит Сыздықбеков "Жеті тандар" ұлттық мейрамханасының құрылысына бастама берді. Мейрамхана биыл күзде ашылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Сианьде Шымкентте өндірілген тауарлар ұсынылатын дүкен ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қажетті рәсімдерден, соның ішінде өнімдер сертификаттау өткеннен кейін Шымкент кәсіпорындарының тауарлары Сианьге экспорттала бастайды.


«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» адалдыққа баулиды
Сиань мен Шымкент арасында келісімдерге қол қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу