“Shymkent Hub” ақпараттық технологияларды дамытумен айналысады

Oinet.kz 21-06-2024 426

448487280_3784985281779787_570369056602525828_n.jpg 

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы “Shymkent Hub” ғимаратында болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Инновациялық орталық қаламызда ақпараттық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында құрылған. Орталық стартап жобалар, технологиялық компаниялар, инвесторлар, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара әрекеттесу алаңы ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар “Бозарық” шағынауданындағы базар құрылысының барысымен танысты. Жауапты мамандарға барлық жұмысты уақытында аяқтап, аумақты абаттандыруды және стихиялық саудамен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерін осы базар аумағына көшіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Бұдан бөлек тазарту қондырғыларының кешенін аралап, нысанның санитарлық жағдайымен танысты. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығына мүдделі органдармен бірлесіп қазіргі экологиялық жағдайды зерделеу бойынша тапсырма берді.

Сондай-ақ «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы базардың жай-күйін тексерді. Аудан әкімі мен бөлім басшыларына учаскедегі барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Аралау барысында жаңа әуежай терминалы аумағындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын да бақылады. Одан әрі А.Асқаров атындағы дендросаябаққа барып, субұрқақ пен каскадты сарқыраманың жұмысын тексерді. Олар жазғы уақытта да үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Жауаптыларға мұны жіті қадағалауды және пикник ұйымдастыратын орындарды жарықтандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, «Көлді» абаттандыру және Ордабасы алаңындағы субұрқақтарды қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Салалық басқарма басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
Шымкент: «Жасыл елдің» жаңа маусымы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу