Биыл Шымкентте 159,6 шақырым жол жөнделеді

Oinet.kz 20-06-2024 457

images.jpg 

Ресми деректерге қарағанда,  Шымкент көлік санының көбеюі жағынан республикада көш бастап тұрған өңірлердің бірі. Бұл өз кезегінде жол инфрақұрылымның соған лайықты болуын талап етеді. Осыған байланысты Шымкентте биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов атап өтті.  

Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шқ. құрайды.

Оның ішінде:

Асфальтбетонды жабындысы – 2312,3 шақырым.

Шағал тас – 831,4 шақырым.

Топырақ жолдар - 103,9 шақырымды құрайды.

Жыл соңына дейінжолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылы Шымкент қаласының жол желісін дамыту 47 нысанды немесе 159,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын қамтиды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шақырым жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылған.

Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.

Сонымен бірге Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы да жүргізілуде. Бұл жоба «ЅСАТ» АҚ-ның инвестициялары есебінен іске асырылуда. Терминалды іске қосу жолаушылар ағынын сағатына 200-ден 2000-ға арттырып, ал өткізу қабілетін жылына 10-12 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминалдың ішін 7 аймаққа бөлу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Жаңа жолаушылар терминалы келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

– 2000-нан астам жұмыс орнын құру;

– Халықаралық бағыттардағы маршруттық желілерді дамыту;

– Шетелдік әуе тасымалдаушылар мен инвестицияларды тарту;

– Әуе жүк тасымалын дамыту;

– Туристік сервисті дамыту үшін тартымды имидж жасау.


Шымкент: Қайта жаңғыртылған вокзалдың қызмет көрсету сапасы жақсарды
Шымкентте құрылыстың қарқыны күшейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу