Байқаусызда бомжды өлтіріп алған олигарх опық жеп қалды
Ертеде бір олигарх қыстың аязды күндерінің бірінде үйінің алдында бүрісіп отырған қарияны көріп, жанына келіп халін сұрайды.
Жағдайға қаныққан бай үйінен жылы киім әкелуге уәде беріп кетеді.
Қуанған қария алғысын білдіріп қала береді. Үйіне кірген қарияны ұмытқан бай жігіт, танертен есіне түсіп, жүгіріп келсе орындықта үсіп өліп қалған қарияны көреді.
Қария өмірден қоштасар алдында бір тілім қағазға хат жазып кетіпті.
"Мен қыстың суығында жылы киімсіз отырып үйренген едім. Онымен күресетін күш, қайратым бар еді. Ал сен уәде беріп кеткен соң, қуанғандықтан әрі саған сенгендіктен бойымдағы күш, жігерімнен айырылып қалдым" депті.
Бұдан түйер түйін, уәде берме, берсең орында. Ол уәде сен үшін түкке тұрмаса да, біреу үшін өмірінің маңызы яғни саған деген сенімі. Ол оны қиындықпен күресуге деген жігерінен айырады.