Біз кез-келген қаңғыбастарға қызмет көрсетпейміз
Жұмыстан келе жатып кофе ішейін деп бұрыштағы кафеге кірдім. Касса алдында кішігірім кезек бар екен. Бірінші болып кезбе ме, әлде күнкөрісі нашар ма, өте жұпыны киінген бір әжей, одан кейін екі жас жігіт, тағы бір кісі сосын мен тұрдым. Әлгі әжей тоңып қалғанын айтып, бір кружка ыстық су сұрады.
Бұл кафе осы төңіректегі респактебелді дәм тату орны болып саналатындықтан мен сатушы қызмет көрсетпей қуып шығатын шығар деп ойлағанмын.
Қателесіппін, сатушы шәй берумен шектелмей, алдына тәттілерді толтырып, сәлден кейін сорпа әкелетінін жеткізді. Әжей жанары жасаурап, басын изей берді.
Бұның бәрі сәл уақыт алғандықтан одан кейін тұрған екі жігіт: ,,Қала орталығындағы бұндай орынға кез-келген қаңғыбасты кіргізуге, оның үстіне тағы оларға қызмет жасауға болмайды",- деп даурығып, дауыс көтере бастады.
Әжесін жайғастырып болған соң әлгі қызметші оларға көңіл аудармай келесі, менің алдымда тұрған адамның заказын қабылдай бастады.
,,Бізді неге өткізіп жібердің?"- деген ана екеуі сатушыдан: ,,Біз кез-келген қаңғыбастарға қызмет көрсетпейміз!"-деген жауап алды.
Ана екеуінің реакциясын көрсеңіздер. Айқайлап, боқтап менеджерді шақыртты.
Мән-жайға қаныққан менеджер олармен сөйлескен де жоқ. Охрананы шақыртып екеуін шығарып жіберіп, бұдан кейін кафенің маңайына жолатпауды бұйырды.
(желіден алынды)