​Идеал махаббаттың физиологиялық формуласы

Oinet.kz 18-02-2019 1487

71-242-864.jpg

Сүйіктіңіз не әйеліңіз үйде де, түзде де сізге қарсы шыққанын қаламайсыз ба? Оның жарасы жеңіл. Ол үшін бар болғаны – жыныстық қатынасты 30 минуттан артық уақытқа созу қажет. Дейді Ресей ғалымдары, нақты Ұлттық денсаулық сақтау институтының проректоры биология ғылымдарының кандидаты Ринад Минвалеев. 

Сексология кітаптарында жыныстық қатынасқа ары кетсе 2-3 минут қана жеткілікті делінеді. Мұндай мөлшерді қайдан алғаны белгісіз. Орта деңгейлі адамның аптасына бір рет мұқтаждығы бар әрекеті болса керек. Мұндай тәсіл тек ұрпақ қалдыру, яки толып қалған қуат пен эмоцияны еркіне шығару үшін ғана жұмсалады. Дегенмен, Шығыс елдерінде (Қытай, Үндістан) ежелден-ақ жыныстық қатынас мәселесіне өте мұқият қарайтын. Шығыста жыныстық қатынас тек ұрпақ жалғастығы үшін болатын қажеттілік емес. Бұл рухани деңгейде етене жақындасудың амалы. Яғни, олар екі минуттық сеансты емес, одан әлдеқайда ұзаққа созылатын үдерісті кең насихаттайды. Тантра мен дао-махаббат туралы әдебиет пен амал-тәсілдерді тәжірибеде қолданған. Шығыс әдебиеттерінде уақытын ұзартып отыратын жыныстық қатынас адам бойындағы ерекше қасиеттерді ашуға көмектесетіні айтылады. 

Арнайы зерттеу кезінде оргиастикалық қатынас кезінде ер мен әйелдің ағзасында бір-біріне қарама-қайшы өзгерістер орын алған. Бірінші кезде тамыр соғу жиілігі кеміп (минутына 10-12 рет соқты), қан қысымы артқан. Екінші реакция кезінде керісінше, қан қысымы төмендеп, тамыр соғысы жиілеп кеткен. Бір адамның тамыр соғысы 4 минутқа тоқтап қалған. Бірақ өзіне ештеңе болмады. Бұл екі типті реакция нені білдіреді дегенге бас қатырдық. 

Ғылыми тұрғыда әр адамда вегетативті жүйке жүйесінің екі түрі бар. Парасимпатикалық және симпатикалық. Біріншісі ағзаның қалыпқа келуін, жасушаның жаңалануын қамтамасыз етеді. Әдетте ұйықтағанда жүретін үдеріс. Екіншісі – бұл біздің қуат шығынымыз, адамның түрлі дене жаттығулары мен жүйке жүйеге түскен салмақтың кесірінен адреналин мен норадреналин гормондарының қанға өтуі. Осыдан шығатыны: тамыр соғысы кеміп, қан қысымы артса, онда парасимпатикалық үдеріс жүрді деген сөз. Мұндай кезде адам күш алады, қуаты артады. Керісінше болса, күш-қуаттан дым қалмайды. Адам шаршаңқы болады. Себебі, қан қысымы төмендеген сайын жүректің қанды айналдыруға көп күші кетеді. Содан жүрек тез тозады. 

Яғни, секс кезінде адамның бойында парасимпатикалық үдеріс жүрсе, адам шаршамайды, ләззат алады, әрі күш-қуаты артады, тамыр соғысын үнемдеп, «мәңгілік двигательге» айналады. Іс жүзінде жыныстық қатынасқа түсу арқылы өмір жасын ұзартады. Керісінше болса, онда жылдам шаршап, жүйкесі тез сыр береді. Содан да ұйықтап қалғысы кеп тұрады. 

Біздің зерттеу тәжірибеміз егер жыныстық қатынас 30 минутқа жетпесе, онда симпатикалық үдеріс жүретінін, ал жарты сағаттан асқан жыныстық қатынас парасимпатикалық үдерісті тудыратынын анықтады. 

Бұл араға рухани жақындықтың не қатысы бар дерсіз? Ал, енді ойланып көріңіз. Неге күйеуімен ұзақ жылдар бойы тұратын әйелдер олардан материалдық құндылық талап етеді? «Қоқысты шығар», «ыдысты жуа сал» деген талаптар туады. Одан ары тон әпер, көлік әперге де ұласып жатады. Бұл әйелдер – симпатикалық әйелдер. Тіпті оргазмға жеткізілген секстен кейін де олардың көңілі бос қалады. Тек шаршайды. Яғни, түпсанасында ауыр жұмыстан шаршағанын ғана сезеді. Сол үшін компенсация іздейді. 

Бұл тәжірибе жыныстық қатынас 10-15 минуттан аз өтсе, симпатикалық реакция беретінін дәлелдеген. Бірақ жыныстық қатынас жарты сағаттан ұзаққа созылса, онда адам ағзасы парасимпатикалық үдеріске өтіп, өзін-өзі қорғап, жұмсалған күш-қуатын қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде, екі адам да қуат алып, рухани жақындасқанын сезеді. 

Ал, ерімен тіпті лашықта да тұруға пейілді әйелдер ше? Тамағын беріп, кірін жуып, дымы қалмай күйеуінің болмысына тұтастай сіңісіп кететін әйелдер бар. Бұлар парасимпатикалық әйелдер. Олар жыныстық қатынастан көп қуат сіңіріп, соны сіңірген жұбына қолда барымен бөлісуге дайын тұрады. Сондықтан ұзаққа созылатын секс – тән тілінде рухани жақындыққа бастайтын әрекет.

Парасимпатикалық нәтижеге қол жеткізу үшін жыныстық қатынас 30 минуттан артық, тоқтаусыз өтуі керек. Оның тиянақты шарты: мұндай қатынас тек сүйікті әйелмен ғана нәтижеге жеткізеді. Жезөкшеге жұмсалған күш-қуат текке кететінін ескертеміз. Түнгі көбелектер үшін басты мақсат рухани жақындық емес, клиенттен ақша алу. Сондықтан бұл импотенцияға апаратын жол.

Александр Казакевич

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

Кемшіліксіз күйеуді қайдан тапса болады?
Әжім кетіретін сегіз түрлі нәр!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу