Нұрділдә Ораз жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 18-02-2019 3373

785b34d364256a28.jpg

Бүгін Ішкі істер министрінің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі әрі баспасөз хатшысы таныстырылды. Бұл қызметке белгілі журналист Нұрділдә Ораз тағайындалған деп хабарлайды.

Бұл лауазымға Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен тағайындалған.

Белгілі журналист бұл қызметте Алмас Сәдубаевты алмастырған.

Айта кетсек, Нұрділдә Ораз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Журналист "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та да білім алған.

Бүгінде жұбайы, белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгереймен бірге төрт баланы тәрбиелеп отыр.


Жақсыбеков «Цеснабанктен» айырылуы мүмкін
Ресейдің СІМ теңгеден орыс тілінің алынуына қатысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу