Ресей мен Украина 500 тұтқын алмасты

Oinet.kz 06-03-2026

Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер нәтижесінде әскери тұтқындарды алмасу шарасы өткенін мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, Женевада қол жеткізілген келісімдер аясында 5–6 наурыз күндері «500-ге 500» форматында тұтқын алмасу шарасы өткен.

Ресей Сыртқы істер министрлігі 5 наурызда жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Киев бақылауындағы аумақтан 200 ресейлік әскери қызметкердің қайтарылғанын хабарлады. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Ресей тарапы Украинаға 200 украиналық әскери тұтқынды тапсырған.

Ресей СІМ бұл алмасу Біріккен Араб Әмірліктері мен АҚШтың гуманитарлық делдалдығы арқасында жүзеге асқанын атап өтті.

Елге оралған ресейлік әскери қызметкерлерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 6 наурыз күні «300-ге 300» форматы бойынша тағы бір алмасу өткен. Осылайша, 5–6 наурыз аралығында жалпы саны 500 ресейлік әскери қызметкерді елге қайтару жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, Ресей, АҚШ және Украина делегацияларының кезекті келіссөздері 17–18 ақпан күндері Женевада өткен. Кездесу қорытындысы бойынша Мединский жақын арада жаңа келіссөздер өтетінін де хабарлаған.

Бас прокуратура: Терезеден сығалау да--сталкинг
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу