Мәсімов қай түрмеде отыр?
Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Кәрім Мәсімовтің нақты қай жерде жазасын өтеп жатқанын айта алмайтынын мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

Әділовтің айтуынша, мұндай ақпарат арнайы комитет арқылы беріледі.
«Мен бұл сұраққа жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?» – деп таңданысын білдірді ол.
Сонымен қатар, вице-министр Мәсімовтің қайда отырғанын тек оның адвокаты мен жақын туыстары ғана білетінін атап өтті.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов – Қазақстандағы ықпалды саясаткерлердің бірі болған. Ол әр жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы, сондай-ақ екі мәрте Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарған.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімов қызметінен босатылып, кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. 2023 жылы сот үкімімен ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.


