Халыққа есеп емес, нақты іс қажет - Мәслихат депутаты

Oinet.kz 15-03-2022 3773

Түркістан облысының мәслихат депутаты Алмас Салимов тұрақты комисия отырысында шенеуніктерге халықпен тығыз жұмыс істеу керектігін, олар көзбояушылықтан шаршағанын мәлімдеді. Егер жауапты азаматтар халықтың мұң-мұқтажын елемесе Қаңтар қасіреті секілді оқиға қайта қайталануы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

"Біздің әріптестеріміз (депутаттар - автор) халықтың алдында абыройсыз десек болады. Сіз айтып отырсыз, (шенеунікке - автор) баяндамаңыз керемет. Орындалған жұмыстар 90 пайыздан кем емес. Бірақ бізге мәселеге шынайы қарайтын кез келді ғой. Халық қазір қағаздағы есепті тыңдаудан қалған. Айналып келгенде біздің мақсатымыз бір - халықтың жағдайын жасау. Біз баяндаманы талқылап жатқанда ана жақта халық жағдайын айтып көшеде жүр. Қатты қиналған халық ертең өткендегідей көшеге шығып кетпесіне (Қаңтар оқиғасы кезіндегідей - автор) кім кепіл? Сондықтан да нақты мәселе шешу жолдарын қарастыру керек", - деген депутат шенеуніктерді нақты жұмыс істеуге шақырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Рейтинг газеті (@reiting.gazet)

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады
Тасмағамбетовтың күйеубаласы Шешен басшысы Қадыровқа сарай салдырып берген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу