6,6 млн қазақстандықтың зейнетақы қорына жинағаны 1 млн теңгеге де жетпейді

Oinet.kz 06-09-2019 1807

Похожее изображение

Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен отырыста Қазақстандық зейнетақы жүйесінің табыстылығының өзін таң қалдыртқан цифрларын атап өтті, мысалы, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты табыстылық небәрі 0,09% – ды құраған.

Ошақбаев бұл көрсеткішті елемеуге болмайтынын айтты.

"Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы нақты табыстылық тек 0,09% ғана. Бұл сан мені таң қалдырады. Кірістің төмендігі мен сақталуының төмендігінен салымшылардың зейнетақы жүйесіне деген сенім төмен.

Зейнетақы жарналарына салымды жылына тек 2,5 млн адам ғана тұрақты 12 рет жасайды. Бұл ретте олардың 63%-ының жалақысы 42 мың теңгеден аз жалақыны көрсетеді.

Жинақтау деңгейі де өте төмен – 6,6 млн қазақстандық 1 млн теңгеге дейін жинаған, тек 282 мың қазақстандықтың жинағы 5 млн теңгеден асады. Соңғы 21 жыл ішінде міндетті жинақтаушы элементі сол күйі жұмыс істемеді"

Сарапшыны БЖЗҚ көрсеткіштері де таң қалдырды.

"Олар Зейнетақы активтерін басқармастан, жылына зейнетақы активтерін басқарғаны үшін 45 млрд теңге көлемінде комиссия өндіріп алады.

Олардың әкімшілік шығындары 20 млрд теңгені құрайды, маған тіпті 20 млрд теңгені қандай шығынға жұмсауға болатыны түсініксіз. Мәселен, Қаржы министрлігін қамтамасыз ету небары 6 миллиард теңгені құрайды, ал мұнда 20 миллиард.", - деді ол. 

Шымкенттік кәсіпкер жұмысшыларға екі жылдан бері жалақы бермеген
Отандық журналистерге кімдер қысым көрсетіп жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу