Республикалық конференция өтіп жатыр

Oinet.kz 01-06-2026

Screenshot_43.jpg

Бүгін Түркістан қаласында “Turkestan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту” атты республикалық конференция өтіп жатыр.

Маңызды жиынға еліміздің 20 өңірінен мәслихат депутаттары мен сала өкілдері қатысуда. Конференция барысында Түркістанның туристік әлеуетін арттыру, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және ішкі туризмді дамыту мәселелері талқылануда.

Аталған шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы және фракция жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Салыбек Қайрат Келесұлы қатысты.

Жастар жасақтарының мерекелік салтанатты шеруі өтті.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТІП, КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу