Атырауда 19 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ер адамның мәйіті Жайық өзенінен табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қаңтар күні ер адамның денесі шамамен екі метр тереңдікте табылған. Ал бұған дейін мәйіт табылған жерден 100 метр қашықтықта марқұмның жеке заттары табылған еді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Талғат Назаров Атырауға Көкарна ауылынан келіпті. Туыстарының айтуынша, ол дәрігерден кеңес алу үшін қалаға барған, алайда үйіне қайтып оралмаған.
Жоғалған адамды құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері және еріктілер іздеді.


