Иранда үш күндік аза тұту жарияланды
Иранда наразылық кезінде жүздеген адам қаза тапқанына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Иран үкіметі АҚШ пен сионистік режимге қарсы ұлттық қозғалыс кезінде қаза тапқан қаһармандарды еске алу мақсатында үш күндік аза тұту жариялайды", – деп мәлімдеді Ислам Республикасының мемлекеттік БАҚ-ы.
Еске салайық, 2025 жылғы 28 желтоқсанда Иранда өмір сүру құнының өсуіне наразылық ретінде жаппай акциялар басталды. Бұл соңғы жылдардағы ең ірі қозғалыстардың бірі болды.
Ел ішінде және сыртында жұмыс істейтін белсенділердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтарын қорғау ұйымы екі апталық тәртіпсіздіктер барысында 490 наразылық қатысушысының және 48 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын растады. Сондай-ақ 10 600-ден астам адамның ұсталған.
Болған жағдайға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігіне наразылыққа шыққандарға көмектесуге дайын екенін ескертті.
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-ты елдегі тәртіпсіздіктерді өршітіп отыр деп айыптап, АҚШ пен Израильдің бірлесіп әрекет жасап жатқандары туралы айтты.
Тегеран прокуроры Али Салехи наразылық акцияларына қатысушылардың, қоғамдық және мемлекеттік мүлікке зиян келтіргендердің өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін ескертті.


