Қайсысы «Нағыз әке» атануға лайық?

Oinet.kz 28-12-2021 958

Қазақстанда екпе салдыруда үлгі көрсеткен лауазым иелері көп. Әкімдер, министрлер... Ал ұлы, қызы немесе немересіне екпе салдыруды үгіттеп, үлгі көрсеткендер жоқтың қасы. Бұл орайда Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловты ғана атай алатын сияқтымыз. Ол 15 жастағы қызы Мерейге вакцина салдырды. 10-сынып оқушысы ата-анасымен кеңесе келе екпе салдыруға шешім қабылдағанын айтады.

Screenshot_2.jpg

Бақытжан Позилов, Жаир Болсонару

«Ата-анаммен келісіп, вакцина салдырдым. Осы екпе арқылы өзімді қауіпті вирустан қорғағым келеді», дейді Мерей.

«Балаңызға вакцина салдырасыз ба?» деп көпшілік сұрап жатыр. Мен бұл сауалға «иә» деп жауап берген едім. Қызыммен сөйлесе келе вакцина салдырамыз деп шештік. Басқа ата-аналар да балаларының қауіпсіздігін ойласа», дейді Б.Позилов.

Ал Бразилия президенті Жаир Болсонару 11 жастағы қызына вакцина салынғанына қарсы.

Бразилия басшысының айтуынша, ол елдің Денсаулық сақтау министрі Марсела Кейрогоймен 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды егу тәртібін талқылаған.

"Мен Кейрогамен балаларды вакцинациялау туралы сөйлестім. 5-ші қаңтар күні ол балаларды қалай вакцинациялау керектігі туралы ақпараттар жариялау керек. Дегенмен менің қызым екпе алмайды. Мұны барлығы түсінгенін қалаймын", - деді Болсонаро.

Осыдан келіп сұрақ туындайды. Қайсысы нағыз әке, қайсысы нағыз басшы?

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Қазақстан әлемдегі ең бақытты бес елдің қатарына енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу