Департаменттің жолдаған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Төлеби аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2021 жылдың 01 қаңтарындағы https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5306889-2 «Азық түлік» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Төлеби аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Сарыағаш ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Түркістан облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы С.Кузенбаев