Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 14-09-2021 411

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (Бұдан әрі - Ұйымдастырушы) 19.02.2021 жылы мемлекеттік сатып алу (https:/www.goszakup.gov.kz/) веб-порталында бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5480750-1 «приобретения медицинских товаров для больницы» мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді. 

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2 бабының 5 тармағына сәйкес, бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер. 

Заңның 37 бабының 1 тармағына сәйкес, егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен (АЕК – 11 668 000 теңге) аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады делінген. 

Заңның 37 бабының 3 тармағына сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді делінген. 

Алайда, Ұйымдастырушы тарапынан бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5480750-1 «приобретения медицинских товаров для больницы» (сомасы – 50 980 525 теңге) мемлекеттік сатып алу бойынша Заңның 37 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланғандығы анықталды. 

Түркістан облысы облысы бойынша  

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  

Бас маманы С.Кузенбаев  

Әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға сай камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді
Құқықбұзушылық анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу