Департаменттің жолдаған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалды

Oinet.kz 14-09-2021 435

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан  "Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың маусым айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  №5842009-1 «Созақ ауылындағы спорт алаңының құрылысы жобалау-сметалық құжаттама жасату (ЖСҚ)»  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған. 

Түркістан облысы облысы бойынша  

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  

жетекші маманы  С.Баетов  

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша құқықбұзушылықтар анықталды
Камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу