Министрлік коронавирусқа қатысты елдегі жағдай туралы ақпарат жариялады
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде тәулік сайын коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 4 пайыздан 2,1 пайызға төмендегенін мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz порталы ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты қолданылған шаралардың арқасында елде тәулік сайын коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 4%-тен 2,1%-ке төмендеді", - делінaген хабарламада.
Елімізде COVID-19 вирусынан жазылып шыққандар саны 60 пайызға артып отыр. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа вирусты жұқтыру көрсеткіші кезең-кезеңмен төмендеп келеді. Реанимациялық орынды қажет ететін науқастар саны 73 пайыздан 54 пайызға төмендесе, провизорлық орындарда да 49 пайыздан 40 пайызға азайған.
Министрлік қазіргі кезде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен COVID-19 және пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған жалпы орын саны 21,7 мыңға артқаеые мәлім етті. Яғни, 30,4 мыңнан 52,1 мыңға жетіп отыр.
"Көрсеткіштер динамика тұрақтанғанын көрсетеді. Дәрігерлер біртіндеп әдеттегі жұмыс режиміне көшіп жатыр", – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.