" /> " /> " /> Джипті блокбекеттен "қоңырау" арқылы өткізген полицейлердің видеосы пайда болды-Жаңалықтар

Джипті блокбекеттен "қоңырау" арқылы өткізген полицейлердің видеосы пайда болды

Oinet.kz 25-07-2020 1079

Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

"Мына машина менімен бірге келді. Полиция қызметкері телефонды алды, қазір оны өткізіп жібереді. Мен ресми таксиде істеймін, тіпті ТЖ кезінде біз өтіп жүрдік. Ал қазір карантин кезінде бізге жүруге рұқсат жоқ. Мен салық төлеймін, ал бұл адам қоңырау шала салды", - деп наразылығын білдірді Instagram-да жарияланған видеоның авторы.

Кей Желі қолдаланушысы джип жүргізушісі мен полицейлерді қолдап, пікір қалдырған. Біреуі авто жүргізушісі осы ауданда тұрады деп болжаса, басқасы қонақ үйге қоңырау шалып, нөмірі брондалғанын дәлелдегісі келген шығар деді.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолдаланушысының видеосы зерттеліп жатыр. Автокөлік иесі мен көлік құралының курорттық аймаққа өту себебі анықталады", - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana)

Қарғалыдағы сұмдық көрініс жұртты шошытты
Ақтөбеде 10 жасар оқушыны сайда зорлап, қылқындырып, көл суымен жуындырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу