Коронавирус 2 жылға созылуы мүмкін

Oinet.kz 02-05-2020 1063

АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы  "Хабар 24" арнасы хабарлайды.

image.png

Мамандардың айтуынша, жер бетіндегі халықтың үштен екісі осы вирусты жұқтырып, одан айығып кетпегенше, індетті бақылауға алу мүмкін емес. 

Ал ауру белгісі байқалмайтын адамдардың кесірінен COVID-19 тізгінде ұстау одан сайын қиындай түспек. 

Жалпы, ғалымдардың сөзінше, коронавирустың таралуы әлі де қайталануы ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайға тыңғылықты дайын болу керек дейді олар. 

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінде әлемде 3 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ, Испания және Италия елдерінде анықталған. Ал еліміздегі жағдайға келсек, соңғы мәліметтер бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны қазіргі уақытта 3785-ке жетіп отыр. Олардың 940-ы вирусты жеңсе, 25-ы қайтыс болды. Елде инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік астанада COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1000-нан асқан. 

Өмірзақ Шөкеев: «Мақтааралға барлық көмек көрсетіледі»
Шымкентте төтенше жағдай кезеңінде бизнес объектілердің жұмысын қайта бастау туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу