Жатыпішер күйеуімді қайтерімді білмей жүрмін
07-10-2022
Еліміздің бірқатар өңірлерінде ішімдікке қарсы бірнеше шаралар орын алып жатқаны белгілі. Күні кеше Алматы облысына қарасты Алакөл ауданындағы Қызылащы аулының тұрғындары жаппай ішімдіктен бас тартты. Жергілікті ер азаматтар жақын маңдағы дүкендерден арақ-шараптың барлығын сатып алып, ауыл сыртында көзін жойған. Бұл туралы әйгілі «Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов өзінің Instagram парақшасында жазып, видео жариялады, деп хабарлайды OINET.KZ.
«Алакөл аудандағы біздің ауылға көрші Қызылащы ауылындағы бауырларымыз осындай эстафета бастапты.Қанша адамға зиянын тигізіп,әлі зиян келтіріп жатқан харам дүниенің көзін осылай құртуды бастаған жерлестерімді қоштаймын!!! Әрі қарай таралуға тұрарлық эстафета», - деп жазады әнші.
Олар өзге отандастарын харам нәрседен тыйылуға шақырып, эстафетаны тапсырды
«Қанша ата-аналар жылап отыр. Жүректері езіліп жатыр. Балалары араққа салынып, маскүнем болып кеткен... Бұл Алла тағаланың нағыз тыйған дүниесі. Осы іс барша Қазақстандықтарға үлгі болсын», - дейді видеодағы егде жастағы Қызылащы аулының тұрғыны.