Нұрсұлтан Назарбаевтың коды ауысады
Алматыда Орталық Азия (ОА) елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзірбайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерінің 2-ші дөңгелек үстелі өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қатысушылар салада авиацияны дамыту перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай алымдары және API-PNR жолаушылары туралы деректер жүйесі мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежай кодының ауысуы расталған болатын. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.