Әкім лауазымын сатып алмақ болған «замәкім» қызметінен қуылды

Oinet.kz 23-01-2020 918

317.jpg

Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы байланысып, аудан әкімінің қызметін «сатып алу» жөнінде сөйлескен. Мейіржан Сүлейменовтің өзі бұл жай ғана достар арасындағы әзіл әңгіме болғанын айтты. Өңір әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Елімізге белгілі журналистер елорданы «Алаш-Орда» деп атауды ұсынды
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу