Ленгір 13 секторға бөлінді

Oinet.kz 27-09-2019 740

70514191_427679247862866_7967150031838904320_n.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласы 13 бөлікке бөлініп көркеймек. Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды.

Ленгір қаласын абаттандыру, көркейту жұмыстарын жүргізу туралы Ленгір қаласының әкімі Болат Әділбеков баяндама жасады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Өз баяндамасында қала әкімі Ленгір қаласының 13 секторға бөлініп, аудандық дербес бөлімдер мен мекемелерге бөлініп берілгенін, қазіргі таңда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша қала тұрғындарына түсіндіріліп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, қураған ағаштарды қырқу, бұтау, түптерін әктеу, көше бойларындағы құрылыс заттарының қалдықтарын, күл-қоқыстарды тазарту, шөптер мен тікендерді шабу, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін әрлеу, заңсыз қоршаулар мен құрылыс нысандарын алдырту, бейберекет тұрған заттарды (контейнер, бочка, бутка т.б.) алдырту, ортақ пайдаланудағы электр бағаналарын, бордюрлерді, скверлердегі және көше бойларындағы қоршауларды (штакетник) сырлау, әктеу, жаңа ағаш көшеттерін отырғызу сынды жұмыстар атқарылуда.

Б.Омарбеков күн тәртібіндегі мәселе бойынша дербес бөлім басшыларына қажетті техникаларды, адамдарды жұмылдырып тазалық жұмыстарын тездетіп ұйымдастыруын тапсырды. Жергілікті тұрғындарды ауданымыздың көркеюіне, реттілік орнатуға біркісідей атсалысуға шақыру керектігін де айтып өтті.



Төлебидің жастары топ жарды
Мақсат-қоныс аударушылардың өмірімен танысу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу