Ленгір ажарланып келеді

Oinet.kz 27-09-2019 677

70957427_429230864374371_2810503560574271488_n.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласының көркін ажарландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Демалыс орындарының қатары ауданымызда тағы толығады. Ауқымды құрылыс жұмыстарының бірі Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалда жүргізілуде. Бүгінде "ПМК-7К" мердігер мекемесімен жерін тегістеу жұмыстары басталған.

Мұнда 1200 ағаш отырғызылып, 3 су бұрқағы, орындықтар, жол аяқтар, жарық шамдар, авто тұрақ орнатылады.

Саябақтың ашылуы 2020 жылдың маусым айына жоспарлануда.

Жаңа саябақта үлкеннің де, кішінің де жақсы демалысы үшін барлық жағдай жасалатын болады.

Төлеби ауданындағы елді мекендерінің инфрақұрылымын жақсарту бағытында да ауқымды жобалар бар.  Сарқырама және Алатау елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Республикалық және облыстық бюджеттен 2018 жылға 66,0 млн теңге, 2019 жылға 328,0 млн теңге бөлініп отыр.  Нысанды іске қосу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына белгіленген. Жуырда осы жобалардың іске асуы ауданға жасалынған пресс-тур барысында көрсетілді. 

Ауданның Ақайдар елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жоба-сметалық құжатамасы әзірленіп, жалпы құны – 307 183, 881,0 мың теңге құрайтын жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, салалық басқарма тарапынан қаржыландырылып, тиісті жұмыстар басталды. Нысан 2020 жылға өтпелі.



Ауылда индустриялдық аймақ салынады
Қажеттіліктер кезең-кезеңімен реттелуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу