Айнаға қарап күлімдеңіз. Эксперттердің айтуынша, адам өз өмірін өзі жақсарта алады. Сол мақсатта бірнеше пайдалы кеңестер ұсынамыз. 1. Күніңізді жақсы өткіздіңіз бе? Солай екенін айтыңыз! Кей адамдар сенімен уақыт өткізген ұнайтындығын айтуға ұмытпайды немесе ұялмайды. Зерттеулер бойынша, олар барлық сезімді ішінде ұстайтындарға қарағанда бақыттырақ болып келеді екен. Өз сезіміңіз бен эмоцияңызды қабылдау және көрсету қуаныш сезімін ұзартады. Егер өте жағымды бірдеңе болса, жай жымиюмен құтылмаңыз, жақсылап күліңіз, қасындағы адамға қол ұрыңыз, олармен бірге кафеге барыңыз. 2. Спорт – терапия Күйзелістен өткен адамдарға үйден шығудың өзі қиынға соғады. Бірақ дәрігерлер үйден шықпаса, ең болмағанда, үйде жаттығу жасауды ұсынады.
Себебі жаттығу серотонин мен дефаминнің өңделуіне ықпал етеді, сонымен қатар жамандық туралы ойлатқызбайтын, сізді тыныштандыратын химиялық заттар бөлінеді. 3. Бірден барлығын жасауға тырыспаңыз Заманауи өмірдің қарқыны босаңсуға мүмкіндік бермейді. Бірақ өзіңізге демалыс жариялап тұруға тырысыңыз. 4. Тағам сезімді жылытады Бірақ тек дұрыс тағам ғана жақсы әсер береді. Темірдің, D дәруменінің жетіспеушілігі көңіл күйдің түсуіне әкеледі. Фастфуд пен тәтті тағамдар жағдайды аз уақытқа ғана жақсартады. Сондықтан өзіңізді жақсы сезіну үшін дұрыс тамақтануды қолға алыңыз. 5. Өзіңізге мейірімді болыңыз Адамдар, әсіресе әйелдер біреуге жағуды ойлайды. Олар «біреу не дейді» деп өздері туралы ұмытып жатады. Ұсақ-түйекпен болса да өзіңізге жағымды нәрселер жасап тұрыңыз. 6. Адамдар қатынасқа мұқтаж Зерттеулер бойынша, біздің әлеуметтік айналамыздың кеңдігі – бақытты болу кепілінің бірі. Достармен кездесуге уақыт жоқ деп жүре бермеңіз. Сылтау әрдайым табылады. Оның орнына достарыңызбен және жақындарыңызбен кездесуге, сөйлесуге және араласуға уақыт табыңыз. Сол кезде өзіңіздің жағдайыңыздың жақсарғанын байқайсыз.
Дереккөз: massaget.kz