Әйелдер сұлулығын сақтау үшін табиғи шөптерді әрқашан қолданған. Солардың бірі – ащы жалбыз. Оны бет терісіне қалай қолдануға болатындығын ұсынамыз. Жалбыз жапырақтары А, D, Е, РР және В тобының дәрумендеріне, калций, фосфор, калий, натрий, марганец, магний минералдарына және глутамин, аспарагин, аланин, глицин қышқылдарына бай. Сонымен қатар, бұл өсімдік сергітетін және емдейтін эфир майларына да бай. Сондықтан жалбызды тек тағамға емес, бет терісіне күтім жасауға да қолдану керек. Жалбыздың косметологиялық қасиеттері: Антисептикалық әсер. Ащы жалбызды проблемалық терісі бар адамдарға қолдану ұсынылады.
Жалбыз керемет бактерицидті құрал болғандықтан, оның қайнатпасын тоник немесе лосьон ретінде ойланбастан қолдануға болады. Жалбызды безеу бөртпесінің немесе басқа да тері ауруының алдын алу үшін қолданады. Құрғатушы әсер. Жалбыз жапырақтары теріні жеңіл майсыздандыруға көмектеседі, сондықтан майлы теріге күтім ретінде қолданылады. Жалбыз май бөлінуін реттеп, теріні аздап құрғатуға көмектеседі. Сергіткіш қасиет. Ментолдың балғындық беретін қасиеті барлығына белгілі. Жалбыз бет терісін қуаттандырып, ыстық күні салқындатуға көмектеседі. Сондықтан, жалбызы бар суды бетке себуге қолдануға болады. Тыныштандыратын қасиет.
Жалбыз тітіркенуді жақсы кетіреді, сондықтан оны ұйықтар алдында жуынуға пайдалануға болады. Жалбызды қолдану әдістері: Маскалар. Ұсақтап туралған ащы жалбыз жапырақтары қоректендіргіш, ылғалдандырғыш және жасартушы маскалардың құрамы бола алады. Оны сұлы жармасымен, ашытқымен, балмен, зәйтүн майымен, сүзбемен немесе йогуртпен бірге қолдануға болады. Бұл ингредиенттерді тері типіне қарай таңдайсыз. Жалбызы бар мұз текшелері. Жалбыз жапырағы қайнатпасын мұздатып қойсаңыз, ол сергітетін, ылғалдандыратын керемет құрал бола алады. Жалбызды мұз текшесімен бет терісін таңертең және кешкісін сүрту арқылы теріні тонусқа келтіруге, тесіктерді тарылтуға және беттің шырайын қайтаруға болады. Жалбыз тұнбасы. Тұнбаны дайындау үшін жалбыз жапырақтарына қайнаған су құйып, 1 сағатқа қалдыру керек. Тұнбаны бетке арналған лосьон ретінде немесе жуынатын құрал ретінде қолдануға болады. Бу ваннасы. Ванналар керемет тазартушы құрал болып табылады. Олар безеуден құтылуға немесе оның алдын алуға көмектеседі. Жалбыз бұл процедурада табиғи антисептик болып табылады.
Дереккөз: massaget.kz