Әр әйел бет терісінің әдемі, жарқын әрі күтімді болғанын қалайды. Алайда күнделікті макияж, ауа райы, дұрыс емес тамақтану және т.б факторлар теріге өз әсерін бермей қоймайды. Егер теріңізге көмек керек болса, оны сау және күтімді ететін лайфхактарды ұсынамыз. 1. Бетті жылдам сергітуге мұз текшелері керемет келеді. Күнде массаждық қозғалыспен бет терісін мұзбен сүртіңіз. Пайдалы шөптердің тұнбасын қатырып қойсаңыз да болады. 2. Көз астының қарайып тұруын шай пакеттерімен кетіруге болады. Қолданылған пакеттерді көз айналасына қойып, 10-15 минут ұстаңыз. 3. Беттің сау реңкі мен тері жарқырауы үшін күнделікті қарама-қарсы (контрастный) душ қабылдау керек. 4. Тері серпімді болуы үшін және жарқырауы үшін бетке массаж жасап тұру керек.
Бұл процедура қан айналымын жақсартады және іскендікті кетіреді. Бетке массаж жасау үшін алдымен бет тері типіне сай келетін майды алып, алақанға жағып, аздап қыздырып, содан соң массажға кірісіңіз. 5. Бет терісіндегі қабынуды кетіру үшін сәлбен, қырмызыгүл, түймедақ немесе гүлшетен тұнбасымен жуыныңыз. Бұл шөптер кез келген дәріханада сатылады және дайындалу жолы қаптамасында ұсынылады. 6. Бетті жуып болған соң сүлгінің орнына құрғақ майлықпен сүрту керек. 7. Таңертең лимон қосылған жылы су ішіңіз. Бұл сусын ағзаны тазартып, бөртпе шығуға ықпал жасайтын заттардың сыртқа шығуына көмектеседі.
Дереккөз: massaget.kz