Сарапшылар бір бөлмелі пәтерде тұрудың қаупін айтты

image_l (60).jpg

Бір бөлмелі пәтерде тұратын адам психикалық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы салалық басылымдарда жарияланған дәрігерлердің зерттеуінен білуге болады. Ғалымдардың айтуынша, жеке кеңістігінен айырылған адам жайсыздық пен психикалық ауруға шалдығады. Өз өзіңнен алшақтай алмайтын жерде тұру, күйгелектік пен көңілсіздікке әкелуі мүмкін. Онымен қоса кішкентай кеңістікте індет тез таралады. 

Баланың жеке кеңістігі болмаса, ол тыныс мүшелері ауруларына, әлсіз иммунитет пен семіздікке бейім болады.  Сарапшылар жағдайға қарай үйдің шаршы метрі ұлғайса, отбасы мүшелерінің дертке шалдығуы азаятынын анықтады. Мұны үлкен кеңістіктегі ауаның алмасуымен түсіндіруге болады. Ғалымдардың ойынша, адамда барлық тірі ағзалар секілді ескі қорғаныс механизмі болады, сондықтан олар бос кеңістіктің болғанын қалайды. Адамды көп уақытқа жеке кеңістігінен айырса, ыңғайсыздық, агрессия, алаңдаушылық пайда болады. Тіпті жақындары мен туыстарының жанында тар жерде жүру ұзақ уақытқа созылмайды. Себебі адам дербестік сақтауға бейім, - дейді сарапшылар. tengrinews.kz
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: