1-2 балаға қарағанда, көп баланы тәрбиелеу оңай

image_l (46).jpg

Бала тәрбиесі аса күрделі іс екені белгілі. Алайда баланың әр қылығынан мәселе туындатып, өзіңіз жағдайды ушықтырмаңыз. Жай ғана сана берсін деп тілеңіз. • Баланы тәрбиелеу қиын емес. Ол үшін өзіңіз ақылды, ал балаларыңыз үшеу не одан көп болуы керек. Екі не одан аз баланы тәрбиелеу үнемі қиынға соғады. Дұрыс шешім қабылдаңыз. • Баланың тәрбиесімен балалардың өзі айналысуы керек. Жүйе қарапайым: кішкентайлар үлкенді тыңдайды, үлкендер кішілер үшін жауап береді. Бітті! 

• Біз оларға ересектер қатарына қосылуды ғана үйретеміз. • Бар жақсысы – үлкендерге. Осындай жағдайда ғана олар тез «адам» болып өсуге талпынады. • Ата-ананың басты мақсаты – талап қоя білу. Балалардан оның қолынан келеді-ау деген кез келген нәрсені өзі орындауын талап етіңіз, кейде қолынан келмейтін тапсырмалар беруге де болады. Болмаса да ұқсап бағады. Балаларыңыз сізді тыңдаса – демек, ол сіздің балаңыз. 

Ал достарын тыңдап, теледидар бағып, сіз оған сөйлеп отырғанда да ойы басқа жақта болса, олар сізсіз де өмір сүре аламын деп ойлайды. Кез келген жағдайды көмекті сізден емес, даладан, гуглден сұрайды. Балаларыңызды сөзіңізге құлақ асуға үйретіңіз. Бірақ өз басын алып жүре алмайтын, сізге ғана қарайлайтын жалтық та болып қалмасын. Тәрбие – оңай іс. Ұрыспаңыз, сынамаңыз, кінәламаңыз. Бала өз қателігінен сабақ алып, кез келген істі меңгеріп алуына мүмкіндік жасаңыз. Балаға ересек адамша қараңыз, оның өзін де, пікірін де сыйлаңыз. Мүмкін ол сізден де ақылды шығар?!
Дереккөз:massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: