Үйде шаш ламинациялаудың 5 әдісі

image_l (31).jpg

Көптеген маркалар үйде шаш ламинациялауға арналған өнім топтамасын шығарады. Әдетте, топтамаға сусабын, маска, кондиционер және ыстық, суық фазаға арналған бірнеше құрал кіреді. Алайда, үйде көмектесетін толықтай табиғи құралдар да бар. Әрине, олардан соң нәтиже ұзаққа шыдамайды, бірақ байқап көруге болады. Желатинмен ламинациялау Қажетті құралдар: - 1 ас қасық желатин; - 3 ас қасық қайнаған су; - 0,5 ас қасық шашқа арналған бальзам; - 1 шай қасық лимон суы; - аспаздық пакет. Желатинге суыған суды құйып, жақсылап араластырыңыз. Оны 20 минутқа қалдырыңыз. Содан соң оған шашқа арналған бальзам салып, тағы да араластырыңыз.

 Шашыңызды жуып алып, сүлгімен жайлап сүртіп, шашты бірнеше бөліктерге бөліп, дайын қоспаны жылдам жағып шығыңыз. Себебі, желатин тез кеуіп кетеді. Содан соң басыңызды аспаздық пакетпен орап, оның сыртынан қалың сүлгімен орап қойыңыз немесе бас киім киіп алыңыз. Әсерді күшейту үшін шашыңызды 10 минут шамасында фенмен қыздыруға болады. 30 минут өткен соң шашыңызды сусабынсыз жылы сумен шайып тастаңыз. Соңынан шашты лимон шырыны қосылған сумен шайып жіберген жөн. Майсана майымен ламинациялау Қажетті құралдар: - майсана майы; - аспаздық пакет. Шашыңызды тарап, бірнеше бөлікке бөліңіз. 

Әрқайсысына май жағып шығыңыз. Шашыңызды жинап, аспаздық пакетпен орап тастаңыз. Оның сыртынан сүлгі ораңыз. Бір сағат бойына әлсін-әлсін фенмен қыздырып тұрыңыз. Содан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Кокос майымен ламинациялау Қажетті құралдар: - кокос майы; - жұқалтыр (фольга). Шашыңызды бірнешеге бөліңіз. Кокос майын ерітіп, шашыңызға жағыңыз. Әр шаш бөлігін жұқалтырмен ораңыз. Содан соң жұқалтырдың сыртынан шаш түзеткішпен бір басып шығыңыз. 30 минут өткен соң жуып тастаңыз. Маскамен ламинациялау Қажетті құралдар: - табиғи өнімдерден дайындалған үй маскасы; - жұқалтыр. Сүйікті табиғи маскаңызды жасап алыңыз. Шашыңызды тарап, бірнешеге бөліп, масканы жағыңыз. Әр шаш бөлігін жұқалтырмен орап, шаш түзеткішпен бір қыздырып шығыңыз. 1 сағаттан кейін жуып тастаңыз. Майлармен және глицеринмен ламинациялау Қажетті құралдар: - 1 ас қасық глицерин; - 2 ас қасық майсана майы; - 2 ас қасық зәйтүн майы; - аспаздық пакет. Зәйтүн майының орнына шаш күтіміне қолданып жүрген басқа майды алуға болады. Барлық ингредиенттерді араластырып, шашқа жағыңыз. Содан соң шашыңызды аспаздық пакетпен орап тастаңыз. Оның сыртынан орамалмен орап тастаңыз. 1 сағат өткен соң сусабынмен жуып алыңыз. Назар аударыңыз! Үйден шаш ламинациялау кезінде қоспаны бас терісіне жақпаңыз. Шаш түбінен 5 см-дей тастап, қалған ұзындығына жағыңыз. Ламинирлеуден соң ыстық құралдарды (фен, бұйралағыш, түзеткіш)1 тәулік қолданбай тұра тұрыңыз. Ламинациялауды шаш бояғаннан соң бірден жасауға болмайды және өте жұқа әрі әлсіз шаштарға жасауға тыйым салынады.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: