Көк шайдың пайдасы бар ма?

image_l (14).jpg

Көбіміз қыста ауруға бейім келеміз. Себебі, салқын мезгілде адам ағзасына қажетті дәрумендер мен аминқышқылдары жетіспейді. Ал біздің ұйқылы-ояу, тұнжырап, маужырап жүруіміздің себебі – күн шуағының аздығы. Осындай мезгілде жақсы көңіл-күй мен сергектікті сақтау үшін көк шайдың көмегіне жүгінуіміз керек. Бұл сусынның емдік қасиеті ежелгі Қытайда анықталған еді. Тіпті, қытайлықтардың жүз жыл жасауының себебі көк шай ішуінде деп саналған екен.

 Көк шай – жұмсақ, ауыз қуыратын әсері, мол пайдасы бар сусын. Ол ағзадан зәрді шығарып, асқазанды, ішек пен бүйректі тазартады. Сонымен қатар, көк шай ағзаны жасартады екен. Күніне 2-3 кесе көк шай ішсеңіз, қартаю үдерісін бәсеңдетесіз. Көк шайдың құрамында лимон мен апельсинге қарағанда дәрумендер 4 есе көп. Яғни көк шайдың иммунитетті нығайтуға көмегі мол. Бұл сусынның басты қасиеттерінің бірі – сергіту. 

Көк шай – мидың қан айналымын жақсартатын, оны ауамен қамтамасыз ететін және күйзелістен арылуға көмектесетін ерекше сусын. Сондай-ақ есте сақтау қабілетін де қалыпқа келтіруге көмектесетін қасиеті бар. Демек, көк шай суық мезгілде қорғануға, көңіл-күйді көтеруге, тез шаршамауға көмектесетін сусын.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: