Бір жылда көп кітап оқудың амалы

image_l (8).jpg

Егер кітапты көп оқуды үйренгіңіз келсе, бір жылда қанша кітап оқитыныңызды жоспарлап алыңыз. Мысалы, “2019 жылы Нобель сыйлығын алған авторлардың шығармасын оқып шығамын” деген тәрізді мақсатыңыз болсын

 1. Оқитын кітаптарыңыздың тізімін жасаңыз Нақты мақсат болса, оған жетуге деген құлшыныс та оянады. Көздегеніңіздің шындыққа жанасуын да ескеріңіз. Тізімнің үш артықшылығы бар: геймификация: "оқылды" деп тізімнен сызылған кітаптар да жігер береді; тізім - достарыңыздан естіген кітаптардың атауын ұмытып қалмауға көмектесетін құрал; "осынша кітап" деп белгілесеңіз, мақсатыңызға қаншалықты жақындағаныңызды бақылай аласыз.

 2. Электрондық кітаптарды оқыңыз Кітап оқу да еңбекті талап етеді. Сол себепті өзіңізге сылтау айтуға мүмкіндік бермеңіз. Мысалы, "кітап ауыр, оны әрдайым өзіммен бірге алып жүре алмаймын" немесе "ол кітапты жергілікті кітапханадан таппаймын" деуіңіз мүмкін. Әрине, бұл мәселелердің оңтайлы шешімі - электрондық кітап. Білім алу жолы кедергіге толы болса, сіздің де оны шешуге түрлі айлаңыз дайын болсын.

 3. Кітаптан өзіме керек ақпаратты қалай аламын? Кітап оқығанда сергек отыруыңыз қажет. Кей адамға ақпаратты еске сақтау үшін дауыстап, мәнерлеп оқыған көмектеседі. Кейбіреуге оқығанын ұмытып қалмау үшін қағазға түртіп алып, конспект жасау тиімді. 

 Дереккөз: baribar.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: