Бала бойындағы талантты ашудың 9 сыры

image_l (30).jpg

Кез келген ата-ана баласының ақылды және дарынды болғанын қалағанымен, баланың қабілеті бәрінде бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір ата-аналар баланың бойындағы жоқ дарынды қолдан жасағысы келеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Назарларыңызға жас өскіннің бойынан байқалған дарынды қалай дамытуға болатыны жайлы кеңестерді ұсынамыз. 1. Бала бойындағы талантты 2 жастан бастап дамытуға болады. 

Сәби әлемдегі құбылыстарды көру және есту арқылы қабылдайды. Сондықтан айналадағы әрбір құбылысты олардың назарынан қалдырмай түсіндіріп отыруда еріншектік танытпаңыз. 2. Ойыншық таңдағанда ойды дамытуға арналғандарын алуға әрекет жасаңыз. 3. Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болсын. Ойды дамытатын ойыншықтармен түске дейін, түстен кейін шығармашылық ойды дамытуға арналғандарын беріңіз. 4. Баламен қарым-қатынас еркін, анық, түсінікті және жылы болсын. 5. Балалар ойнап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өз ойы және қиялымен болсын. 6. Оқу және жазуды үйренген кезде ойдан ертегі құрастырып айтып беріңіз. Мүмкін баладан жақсы жазушы шықпасына кім кепіл? 7. Егер балаңыз өзіне не керек екенін анықтай алмаса, түрлі үйірмелерге жаздырыңыз. Спорт, шығармашылық, техника осылар арқылы ол өзінің жолын таңдауға мүмкіндік алады. 8. Жетістіктерін мақтап отыруды ұмытпаңыз. 9. Уақытты көбірек бірге өткізуге тырысыңыз. Оның жан дүниесіне не керек, қиын кезде қалай көмектесу керек?

 Бұлардың бәрінен хабардар болып отырыңыз. Ата-анасының махаббаты, жылулығы балаға сенім береді.
Дереккөз: massaget.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: