Шығыс сұлулығы: күтім құпиялары

image_l (27).jpg

Шығыс әйелдері қашан да сұлулығымен аты шыққан. Олардың өз-өздерін қалай күтетіні, не қолданатыны туралы білгісі келетіндер өте көп. Біз бүгін негізгі өнімдерге тоқталатын боламыз.  Арган майы Арган ағашының бағалы майы — шығыс әйелдері сұлулығының нөмірі бірінші құралы. Арган майын ежелден бері қолданады, алайда ол қазіргі кезге дейін алған бағытынан таймай келеді. Бойжеткендер оны ешқандай косметикалық қоспасыз таза күйінде қолданады. Арган майын шашқа ғана емес, бет және дене терісіне қажетті құрал ретінде қолданады. 

Арган майы теріні тегіс әрі жұмсақ етеді, сонымен қатар өзінің жағымды иісімен қуантады.  Лимон Лимон қышқылы — теріні ағартатын табиғи құрал. Шығыс сұлулары бет терісін ағарту мақсатында теріні лимон суымен сүртеді. Лимон қабығының жұмсақ жағымен бет терісін уқалап, скраб ретінде қолдануға болады.  Куркума Куркума ұнтағынан жасалған маскалар жағу — үнді және пәкістандық дәстүрде келіннің тойға дайындалуындағы басты міндеттердің бірі. Куркуманы кез келген базардан табуға болады. Сондықтан үй жағдайында куркумадан маска дайындауға мүмкіндік бар. Ол үшін 2 ас қасық ұн, 1 шымшым куркума және 2 ас қасық сүт қажет. Барлық ингредиентті араластырып, оны бетіңізге жағып, 15-20 минут шамасында ұстау қажет. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. 
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: