Кірпікке арналған Е дәрумені

image_l (19).jpg

Әр әйел кірпігінің ұзын әрі қалың болғанын қалайды. Алайда, көпшілік кірпік те шаш және тырнақ сияқты күтімді қажет ететіндігін ұмытып жатады. Кірпікке күтім жасауда Е дәруменінің (токоферол) маңызы зор. Токоферол барлық дәріханада қолжетімді бағада сатылады. Е дәруменімен кірпікке күтім жасау уақыт та алмайды. Оны қолдану үшін тазартылған кірпікке Е дәруменін таза щеткамен (мысалы, босаған тушьтің щеткасын жуып қолдану) жақсаңыз болғаны. Бұл процедураны күніне бір рет ұйықтар алдында жасау жеткілікті. Курс 20-30 күнге жалғасады. 

Келесі курсты бастау үшін арасында 1 ай уақыт үзіліс болу керек. Е дәруменімен жасалатын кірпікке арналған маскалар Әлсіз кірпікке арналған маска - 1 капсула Е дәрумені; - 1 шай қасық майсана майы; - 1 капсула А дәрумені. Кірпіктің өсуіне арналған маска - 1 капсула Е дәрумені; - 4 тамшы майсана майы; - 4 тапшы ошаған майы. Кірпіктің түсуіне қарсы маска - 1 капсула Е дәрумені; - 6 тамшы арган майы. 
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: