Алматыдан Шымкентке 5000 теңгеге ұшуға болады

Screenshot_5.jpg

Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan Алматыдан Шымкент пен Павлодарға билет сата бастады. Аталмыш бағыттар бойынша толық техникалық тексеріс пен салоны реконфигурациядан өткен, 180 орындық Airbus A320 әуелайнерлері күнделікті қатынайтын болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке дейін жол жүру ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Қос қала арасындағы біржақты қатынау құны 4999 теңгеден басталады. Павлодарға билет құны барлық әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталып, ол жаққа жолаушылар 1 сағат 50 минутта жете алады. Билеттерді www.flyarystan.com сайтынан брондап, оған қоса жолаушылар өз қалауымен қосымша жүк борттық тағамға тапсырыс беру, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады» делінген хабарламада.

Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағандыға қатынайтын рейстер бірінші мамырдан бастап орындала бастаса, көптен күткен Шымкент пен Павлодарға қатынау 30 мамырда басталады. «Шымкент пен Павлодар кездейсоқ таңдалған жоқ. Біріншісі - оңтүстік өңірідің бас қаласы екені сөзсіз. Одан және оған күнделікті жүздеген адам сапар шегеді. Алматы-Шымкент-Алматы бағыты - әуе жолаушыларының көптен күткен бағдары. Ал Павлодар мен Алматының арасында қонаққа барып-келетін жолаушылар, кәсіпкерлермен қатар, солтүстік-шығыс өңірінің көркі - Баянауыл елді мекенін көргісі келетін туристер де баршылық екенін ескерген жөн. FlyArystan ұсынып отырған арзан бағамен билетті брондап алатын отандастар саны көп болады деген сенімдеміз. Себебі арзан бағалы орындар әдетте тез сатылып кететінін ескерген жөн», - дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Айта кету керек, ашылғалы бері 12 күнде FlyArystan әуе компаниясы 16 мыңға тарта билет сатқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: