Өмір өрнегі

image_l (14).jpg

Философия пәнінің оқытушысы сыныпқа кірді. 5 литрлік ыдысқа диаметрі 3 см-ден аспайтын домалақ тастармен ыдыс ішін толтырды. Сосын студенттерден ыдыстың толған-толмағанын сұрады. Студенттер «Толды!» деп шу ете қалды. Ұстаз ыдысқа бұршақ сала бастады. Бұршақтар жаңағы үлкен ыдыстағы тастар арасында қалған бос орынға толды. Профессор студенттерден қайта сұрады: «Ыдыс толды ма?» барлығы « Иә!» деп жауап берді. Сосын үстел үстіне құм толтырылған кішкентай қалтаны қойып, ондағы құмды ыдысқа сала бастады. Құм ыдыстың барлық бос, қуыс орындарын жауып, әбден нығыздап толтырып тастады. Жасамыс мұғалім студенттерден ыдыстың толғаны жайлы күмәнмен қарайтындардың бар-жоқтығын сұрады. 

Студенттер ду күлді де, "толды" деп жауап берді. Сосын үстел үстіне екі бөтелке су алып шықты. Оның соңғы тамшысына дейін ыдысқа құйды. Студенттердің біразы ұялып жерге қарап отыр. - Енді мынаған қараңдар, - деді ұстаз – Ыдыс – сендерің өмірлерің. Тастар – өмірлеріңдегі ең жақын адамдарың, ең маңызды заттарың. Отбасы, денсаулық, дос, бала-шаға дегендей. Егер басқалары жоғалып кеткен жағдайда да өмірдің толық екенін білдіріп тұратын заттар. Бұршақтар өз өмірлерің үшін маңызды болған заттар: үй, жұмыс, көлік дегендей. Құм – барлық өзге ұсақ-түйек дүниелер. Егер ыдысқа алдымен құм толтырсақ, онда тастар мен бұршақтарға орын қалмайтын еді. Сол сияқты өмірде де ұсақ-түйек заттарға көңіл бөле берсек, өмірдегі ең маңызды заттарға орын қалмайды. Өзіңізге бақыт әкелетін дүниелермен айналысыңыз: балаларыңызбен бірге болыңыз, жұбайыңыздың көңілін көтеріңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Әлі де жұмыспен, көлік алумен айналысатын уақыт бар. 

Яғни, тастарға көп көңіл бөліңіз, олар – өмірдегі ең маңызды адамдар. Өзіңізге маңыздыларын таңдаңыз, ал қалғанының бәрі – құм, – деп жауап берді профессор. Сонда студенттер: «Суды не үшін құйдыңыз?» деп сұрады. Ұстаз күліп: «Оны әрқалай түсінулеріңе болады, өмір толыққанды болса, екі бөтелке бал немесе қымыз, шұбат ішсеңіз де, екі бөтелке сыра ішсеңіз де болады» деді күліп.
Дереккөз: massaget.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: