Гүл сыйлаудың да мәдениеті бар

гул-780x405.jpg

8 наурыздан былайғы уақытта елене бермегенмен әйел өмірінде гүлдің орны өзгеше. Қыз-келіншектерге гүлді тек атаулы мейрамда ғана емес, көңіл хошыңыз түскен сәттің бәрінде ұсынсаңыз жадырай түседі. Бұрымдыларды қуанту үшін қош иісті гүлдердің бір шоғы жеткілікті. Жұбайыңыздың отбасыңызға жасаған әрбір еңбегіне рахметіңізді айтқыңыз келсе ризалығыңызды гүл сыйлап білдіріңіз. Ол отбасындағы сыйластықты сақтайды. Анаңыз мейлі қарындас, сүйікті қызыңыз болсын оған деген ілтипатыңызды гүл арқылы сезіндіруге болады. Мұндай істі жиі дағдысына айналдырған ер азамат әйелдердің үнемі ашуының «алдын алып», көңілін тоқ етеді.

Дегенмен, гүл таңдауға да талғам керек. Одан соң біршама ережесі тағы бар. Себебі, сыйлаған гүліңіз арқылы қарым – қатынастың қаншалықты дәрежеде екені байқалады.

Мәселен, анаңызға немесе әжеңізге өздері ұнататын гүлді тарту етіңіз. Егде жастағы ханымдарға ерте солатын гүл сыйламағаныңыз дұрыс. Ол, арнайы құтыда орналастырылған болуы тиіс. Себебі, тез қурамайды, ерекше күтімді қажет етеді. Ал, күнделікті күйбең тіршілік пен үй шаруасын қатар ала жүретін аналарымыз бір мезгіл гүлге көңіл бөлуге де уақыт табады. Жылдан-жылға жайнап өсіп келе жатқан гүл өз иесіне қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар, қызғылт, көгілдір немесе сарғылт түсті таңдаңыз. Гүлдер әлемінде қызғылт түс – махаббатты, туыстықты, көгілдір түс – отбасылық байланысты, сарғыш түс – қуанышты білдіреді. Гүлді таңдау барысында сатушыдан кеңес алыңыз.

Ұжымдағы әріптес қыз – келіншектерге көк және күлгін түсті, ұзын сабақты, орам ішіне тығыз орналасқан гүлді тарту етіңіз. Флористикада көк түс - сенімділік пен тығыздықты, күлгін түс - құрметті білдіреді. Сыйлаған гүліңіз безендірусіз-ақ өзін-өзі толықтырып тұрғаны абзал. Сары гүлдер ажырамас достықтың белгісі. Сонымен қатар, ол керемет көктемгі көңіл күй мен естен кетпес ерекше сезім сыйлайды.

Сүйіктіңіздің өзі ұнататын гүлін тарту еткен жақсы. Оны таба алмасаңыз – қызыл раушан сыйлаңыз. Раушан арадағы сүйіспеншіліктің белгісі. Егер сіздер жай ғана кездесіп жүрген болсаңыздар қызыл және шай раушандары таптырмас талғам.

Қызыңызға, жиен немесе нағашы қарындасқа қызғылт түсті қызғалдақ тарту еткен жөн. Гүл кішкентай қызға арналған болса, оның көлемі де кіші, нәзік, әрі ашық түсті болуы тиіс. Ал, жасы сізден әлдеқайда үлкен болса раушан гүлі керемет сыйлық.

Гүл таңдаудың да ережесі бар. Орхидеяны дәстүр бойынша егде жастағы әйелдерге сыйлайды. Ақ гүлдер тазалық пен кінәсіздікті білдірсе, кейбір мәдениеттерде аза тұту белгісі болып саналады. Гүл таңдауға келгенде әр арудың өзіндік талғамы бар. Олар орхидея, сары раушан немесе ақ хризантеманы ұнатуы мүмкін. Ал, оны дөп басып тауып, тарту ету сіздің міндетіңіз. Бір шоқ гүлі, ыстық сезімді, ажырамас достықты, сенімді білдіреді. Гүлдер әлемінің ережелерін сақтай отырып, жарыңыз бен жақындарыңызға үнемі керемет көңіл – күй сыйлап тұрсаңыз өзіңіз де көңілді жүресіз.

Нүрилә ЖҰМАХАНҚЫЗЫ


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: