Бала неге жылайды?

941-1476219581-66c807ea54.jpg

Жаңа туған сәбидің сөйлейтін тілі бола ма? Егер болмайды десеңіз, онда қателесесіз. Қандай да бір қажеттілік туғанда сәбидің қолданатын тілі – жылау. Бала өз мазасыздығын жылау арқылы білдіреді. Ол – ештеңеге шамасы келмейтін, тым әлсіз, әлжуаз жас сәбиге жасалған  жаратушының рақымы.

 Сәбидің өз өмірін іңгәләп бастауында үлкен мән бар. Өйткені, осы жылаудың арқасында сәбидің өкпесі ашылып, тыныс алу әрі жүректің қалыпты жұмыс жасауы жақсарады. Сол себепті, өмірге жаңа келген сәби міндетті түрде жылауы тиіс. Сәбилердің 70-80 пайызы туа салысымен өздігінен жылайды. Егер жыламаса, арқасын сипап, аяқ-қолынан қағу арқылы баланы жылату керек.

 Бетез Ұлттық  денсаулық сақтау институтында (АҚШ, Мэриленд штаты) жүргізілген зерттеу нәтижесінде өте көп жылайтын әрі бір жастан асқанда өте көп шыңғыратын балаларда физикалық әрі психолгиялық ауытқушылықтардың жиі кездесетіндігі анықталған. Сол себепті мамандар кейде ата-анасының қалай жұбатса да, көнбей, көп жылаған балаларды педиатрға қаратқан жөн деген кеңес береді.

 Жылаған балалар көбіне қолға алып құшақтағанда барып жұбанады. Бұл кездейсоқтық емес. Жатырдағы соңғы төрт айын анасының жүрек дүрсілін естумен өткізген сәби кейіннен сол жүректің дүрсілін естімеген уақытта мазасыздана бастайды. Қолға алынғанда, естіген жүрек дүрсілі оны қайта тыныштандырады. Ондай да сәби өзін қауіпсіз сезінеді. Сол себепті, бала жылаған уақытта оны жұбату үшін, алдымен қолға көтерген дұрыс.

 Емізу немесе тербету де – баланы жұбатуда өте жақсы әдіс. Үш айдан асқанда, анасының сөйлеген сөздеріне бала жұбана бастайды. Төрт айлығында бала көрген қызылды-жасылды нәрселерге, ойыншықтар мен естігендеріне алдана бастайды. Сәби сүтке тойған күннің өзінде қыңқылдап жыласа, онда шешесінен мейірім мен жан жылуын күткені деп ұққан дұрыс. Сүт оның материалдық қорегі болса, оған көрсетілген мейірім рухани қорегі болып табылады.

 Байқасаңыз, бала әркелкі жылайды. Кейде ызаланғанда бақырып қатты жылайды. Тәжірбиесі мол әйелдер жылаған дауысына қарап-ақ баланың не сұрап тұрғанын біле қояды. Өйткені, жылау – бала мен ана арасындағы құпия тілдесу.

 Бір қызығы, бала қаншалықты алыста болмасын арадағы телепатия арқылы шешесі оның мазасызданғанын немесе ашыққанын сезе алады. Ұйқысы қатты әйелдердің баласының жылауына қалай оянатындығы тылсым жұмбақ.

 Үйлеріңізден сәбидің жылаған үні емес. Сәбидің шат күлкісі естілетін болсын.

 

 

 

Дереккөз: Исламдағы бала тәрбиесі Қ.Бағашар.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: