Некені сақтайтын 7 қағида

145-1476212378-8806a19565.jpg

Иә, отбасын сақтап қалу тек әйелдің ғана емес, еркектердің де міндеті. Көпшілік «бәрі әйелдің қолында, әйел жақсы болса, отбасы да бақытты» деген қате пікірге тәуелді болады. Шындығында мүлдем олай емес. Отбасы бақытын сақтауда ер-азаматтардың да тигізер септігі бар. Әрине, әйел үйдің үш қабырғасы болса, қалған ең маңызды бір қабырғанын рөлін еркек атқарады. Неке мықты болу үшін екі жақтан да отбасы тақырыбына үлкен жауапкершілікпен қарап, оны міндетті түрде орындауы қажет. Сондықтан да, шаңырақ ұйытқысын ойлаған отбасыға мына төмендегідей жеті кеңесті ұсынамыз:

Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы 

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик 

1. Неке-сіз үшін ең басты, қажетті жұмыс болсын!

Не жұмыс істесеңіз де алдымен отбасыңызға арнаңыз. Өз отбасыңыздың қажеттілігін толтырып барып, өзгелерге көмектесу қажет. Әйеліңіздің көйлегі жоқ бола тұрып, жұмыстағы қызметтес келіншекке орамал сыйлау- некенің адалдығына жатпайды.

2. Жарыңызды барлық қырынан мүмкіндігінше танып-біліңіз.

Асығыс, онша танып-білмей, үйленген болсаңыз, үлкен сабырлылықпен оның жүріс-тұрысынан барлығын бақылаңыз. Оның көңіл-күйін түсіне алатын болсаңыз, онда әйеліңізді бес саусағыңыздай танисыз деген сөз. Жарыңды тани білу –некені сақтаудың бір жолы.

3. Отбасында көп уақыт өткізіңіз.

Егер сіз бос уақытыңызды түзден гөрі үйде өткізетін болсаңыз, жарыңыз әр қадамын сізбен ақылдаса отырып басатын болады.

4. Сезімтал болыңыз.

Бұл дегеніміз үйіңізде кикілжің болатынын алдын-ала сезе білу деген сөз. Ол үшін 2-ші кеңесті қайта оқып шығыңыз. Әрине, жарыңызды жақсы танып-білетін болсаңыз, оның қай кезде ұрыс бастайтынын да аңғара аласыз. Сонымен қатар, ұрыс-керіс болған күнде-де ол сіздің тарапыңыздан шешім табатын болсын.

5. Әйелді сабырмен тыңдай білу де өнер.

Көп еркектер дәл осы жағынан қателесіп жатады. Жұмыстан келген ол теледидардан көз алмай отырып, әйелінің өтінішіне «иә» деп алады да, кейін неге рұқсат бергенін аңдамай қалып жатады. Одан кейін әлбетте, кикілжің туындайды. Оның әрбір өтінішін мұқият тыңдап барып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Бірден шорт кесу сіздің әйеліңізге бейғам қарағандығыңызды білдіреді.

6. Әйеліңіз еш нәрседен мұқтаж болмасын.

Бұл туралы шариғатта да дәл осылай айтылған. Сіздің балаларыңызды тәрбиелеп отырған әйел үйде отырса да оның өз қажеттіліктері болуы мүмкін. Әрдайым жұмысқа кетер кезде оған не керек екенін сұрауды әдетке айналдыру қажет.

7. Отбасы деп достардан да ажырап кетпеңіз.

Жарыңыз, жолдасыңызды өзіңіздің қызығатын істеріңіз туралы айтып, онымен таныстырыңыз. Өз өміріңізде тек оған ғана емес, жақсы достарыңызға да орын бар екенін түсіндіріңіз.

 



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: