«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деседі қазақта. Иә, қашанда жақсы әйел ерін ғана емес, отбасын да төрге сүйресе керек, ал жаман әйел көрге сүйрейтіні анық. Сондықтан да келіннің кесапатты болмауы үшін ененің де рөлі айтарлықтай. Яғни, енеге келіннің мінездерін қалыптасыру жүктеледі екен. Ал жақсы келін болып, барған жеріңнің бағын ашып, абыройын арттыру әрбір қыздың өз қолында. Осы тұрғыда алдыңғы жариялымдарда жас келін білуге тиіс 10 міндетті назарларыңызға ұсынған болатынбыз, ізін суытпай келінге керек кеңестер топтамасын жариялауды жөн көрдік .
«Сіз»
Сый-құрметтің бастауы. Қай кезде де үлкен-кішіге де ілтипаттылық танытып, сыйлап тұрсаңыз кім сізге жаман қарасын?!
Келін барлық ел-жұрттан ерте тұрып, үйдің түндігін ашу керек. Әрине, ел соңынан жатуы тиіс екені де айтпаса да белгілі.
Келін үлкендерге иіліп сәлем беруі қажет. Бұл да келіннің тәрбиелі екендігін көрсетеді.
Бүгінгі қыз- ертеңгі келін. Сондықтан, әр қыз баласы от жағу, май дайындау, шай құю, саба пісу, қымыз қотару, құю, құрт-ірімшік жаю, кір жуу, сиыр сауу, ішек-қарын аршу, тамақ пісіру, нан көму, күйеуін қарсы алу, ата-ененің дәрет-құманын әзірлеу , олардың көңілін таба білу секілді шаруаларды орындай білуі керек. Ал қалада тұратындар үшін жүктелетін міндеттер сәл жеңілірек болады.
Келін дауыстамай, ақырын, сыпайы сөйлеуі тиіс, қатты күліп, ерсі қылықтар танытудан аулақ болыңыз, ал шаршағанын еш білдірмеуі шарт.
«Адамды киімімен қарсы алады» Ал, Сіз келінсіз. Сондықтан, сіздің болмысыңыз үйдегі рөліңізге сай болсын. Етегіңіз ұзын, көкірегіңіз жабық болатындай киімдер киіңіз.
Үстел басындағы әңгіме үстел басында қаллуы тиіс. Ата-енеңізбен, жолдасыңызбен болған жағымсыз жағдайларды ата-анаңызға жеткізуден аулақ болыңыз. Оларды ата-анаңыздың алдында жек көрінішті етіп алуыңыз әбден мүмкін.
Еріңіздің бауырларына, достарына ізеттілікпен қарап, қашанда кішіпейіл болыңыз. Өйткені, жарыңыздың бауырлары сіздің балаларыңыздың аға-әпкесі, қорғанышы. Ал достарын қандай болса да , қабылдаңыз. Себебі, олар қиын сәтте қасында болған жандар емес пе?
Өзіңізге қатысы жоқ әңгімеге бас сұқпаңыз. Өсек тасудан алақ болыңыз.
Үйдің ошағын тұтатып, берекесін кіргізіп отыратын енді сізсіз! Жоқтан бар жасап, жанұяңыздың жамандығын жасырып, жақсылығын асырыңыз. Қашанда қыз баласына артылған міндетті абыройлы атқарып, құтты келін болуыңыз өзіңізге байланысты.
Іске сәт!
Дереккөз : anabol.kz