Кемеңгер баланы қалай өсіруге болады: қазіргі ата-аналардың 5 түрлі қатесі

654-1476217630-0641c32056.jpg

60-жылдары мектеп табалдырығын аттаған балалардың әріп танымауы қалыпты құбылыс еді. Ал бүгінгі таңда 3-жасар бөбек ағылшынша білмесе, оған қиғаш қарайды.

 

 Сізге айтпағымыз: 3-жасар балақай үстелдің үстіне шығып, шағын тақпақ емес, «Отеллодан» үзіндіні көркемдеп оқып тұрса, бұл – оның даныщпандығын емес, ата-ананың мәжбүрлі тәрбиесін көрсетеді. Ал егер балақайдың өзі шыбынның қанаты бола тұра, неге ұшудың орнына аяғымен ЖҮРІП кеткеніне қызықса, ол – басқа әңгіме. Себебі бұл оның аңғарғыштығын, білімқұмарлығын білдіреді. Осындай кезеңде ең бастысы – баланың талап алған бағытын дамыта білу. Бірақ көп ата-аналар оған назар аудармай, баласын ешкім жете алмайтын биіктерден  көргілері келеді.

Баланың бітпейтін сұрағына жауап бере біліңіз


Бала 4 жасқа толғанда, оған айналадағының бәрі қызық. Сондықтан ата-анасына толассыз «неге» деген сұрақтарын жаудырады. Бала болған соң, жауабыңызды аяғына дейін тыңдамастан қашып кетіп, сәлден соң қайта келіп сұрауы мүмкін. Сондайда үлкендер ашуланып, жауап бермей қояды. Мұндай қылықпен оның дамып келе жатқан ақыл-ойына тосқауыл қойдым дей беріңіз. Бала үлкендердің беделіне күмәндана бастайды. Осыдан кейін балалардың мектепте не үшін оқығылары келмейтініне таңғалмаңыз.

 

Балаға толық жауап беруге болмайды


Балалар неліктен жауабыңызды толық тыңдамастан, жүгіріп кетеді? Себебі сұрақ – олар үшін жауап алу тәсілі ғана емес, өз бетімен ашқан жаңалығымен бөлісу мүмкіндігі. Сондықтан сіздің пікіріңіз ол үшін айтарлықтай маңызды болмауы мүмкін. Мәселен, 2-жасар қыз бала сізден әкесінде бар сақал анасында неге жоқтығын сұрап тұр делік. Бұл сұрақтан гөрі өз бетімен ашқан жаңалығына қуанып тұр деген белгі: ер адамдар мен әйелдердің айырмашылығы бар. Балалар, тіпті, ұзақ уақыт бір нәрседе назарын ұстап тұра амайды. Сол себепті оларға ренжудің қажеті жоқ. Дұрысы, сәбиіңіздің қойған сұрағын ойталасқа айналдырып, дұрыс жауапқа оның өз бетімен келуіне мүмкіндік беріңіз: «Ал әпкеңде сақал бар ма? Ағаңда ше? Ол неге қырынады?» - «Міне, қызық! Сақал тек ер адамдарда өседі!» 

 

Баланы компьютерге жіберіңіз

 Алғашында, әрине, балаңызға бірнеше томдық энциклопедия сатып әперіп, қажетті мәліметті содан табуға үйретуге болады. Әрі өзіңіз де көп нәрсені біліп аласыз. Бала жетіліп, сіздің көмегіңіз жетпейтін дәрежеге жетеді. Бірақ ғаламтор бар ғой! Бұл ойды қабылдауыңызға тура келеді.

 Ары қарай баланы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуіңіз керек. мәселен, түрлі-түсті бояулар мен қабырғларға сурет салу құқығы... Иә, үйдің іші шашылады. Алайда, сізге үйдің жинақы болғаны керек пе, әлде данышпан ба?

 

Ұсақ-түйекке ашуланбаңыз

 Балаларға мектепте де ескерту жасалады. Сіздің балаңыз болашақ Эйнштейн болса да, оны мінеудің себебі табылады: қисық жазу. Сондықтан үйде сіз де мінегіш болсаңыз, балақайдың қорқақ әрі тұйық болып қалуы ғажап емес.

 Мұғалімдердің әдісі кешірімді: себебі олар 30 баланың әрбіріне жол таба білу керек. Ал сіз өз перзентіңізді бес саусағыңыздай білесіз. Сондықтан оны ұсқынсыз жазу үшін айыптамаңыз, керісінше, ауызша қабілеттері үшін мақтап, сіз үшін мұғалімнің бағасы емес, баланың білімі маңызды екенін жеткізіңіз. Кім не десе де, бағаның бала болашағына тигізер әсері әлсіз. 

 

Тым белсенді баланы тежемеңіз

 Саша көп балалы отбасында екінші бала еді. Оның әпкесі Ольга мен інісі Левушка қалыпты балалар болып өсті. Алайда, Сашаның өзін анасы шақалақ күнінен жақтыра қоймады: ұйқысы қанбайтыны, таныстардың алдында ұялатыны үшін. Сашаның әрекеті өзгешелеу болды және өте ашушаң еді. Айқайлаған күлкісі көл болған көз жасқа ұласатын. Мұғалімдердің  үнемі көңілдері толмайтын. «Себебі үй жұмысын уақытылы орындамайды. Нашар оқиды». Егер оны дәрігерге апарса, «тым белсенді» дер еді. Алайда, Сашаны дәрігерге емес, 12 жасында лицейге жіберді. Ал ондағылардың ұстанымы бойынша, баланың қандай да бір таланты болса, басқа кемшіліктеріне көз жұмуға болады. Пушкиннің де ұсқынсыз жазуы мен бір орында отыра алмастығы (тұрып не жүріп кітап оқиды, өлең жазады) әрдайым кешірілетін. Оған қоса, есепке титтей де қабілеті болмады. Ең бастысы, өлең жазса болды.... 

 

 

 

Дереккөз: lady.nur.kz

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: