Есіңізде болсын, сәтті таңдалған әшекейлер, жұпар иіссу, киіміңіздегі ерекшеліктер секілді бір қарағанда көзге түсе бермейтін ұсақ детальдардың өзімен-ақ еліктіруіңіз әбден мүмкін. «Көзімен сүйетін» ер азаматтардың назарын назды қылығыңызбен баураудан тартынбаңыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы
Күнделікті киетін киімдеріңізді ерекше образға айналдырып көріңіз. Мысалы, сәнді джинс шалбарыңызбен ерлерге арналған өзіңіздің мөлшеріңізден біраз кең жейдені кисеңіз, көрер көге еркін де, ерке қыздың бейнесі келері анық.
Жалпы күнделікті стиліңізге біршама ерекшеліктерді қоссаңыз, айналадағылар оны байқамай қоймайды. Айтпақшы, бірде-бір киім-кешек дәл қалпақша тәрізді ер жігіттің назарын аудара алмайды. Неге десеңіз, біріншіден, әр ару оны киі бермейді. Екіншіден, қалпақша өз иесінің кербездігі мен оның түрлі тәжірибеге дайын екендігінен хабар береді. Мейлінше, классикалық түрін таңдауға кеңес береміз.
Жігіттердің сынағы сіздің сырт келбетіңізден басталатынын өзіңізде білесіз. Жарқын жанарыңыз қаншалықты сенімді болса да, дәл шиедей еріндеріңіздей еліктіре қоймас.Ендеше, әдемі күлкіңізді әсерлей түсу үшін ерніңізді қызарта түсіңіз. Жиегін қызыл контурлы қарындашпен жүргізсеңіз, артық етпейді.
Шашыңызды артқа жинап, жеңіл макияж жасаңыз. Енді ашық мойныңыз бен көтерілген шаш үлгісіне ұзын сырға тақсаңыз жарасып-ақ кетеді.
Бойжеткендердің сандығынан табылатын ең еліктерлік зат не екенін білесіз бе? Бұл қысқа көйлек немесе жылтырағы көп кофта да емес. Ең бір қызығы , күннен қорғайтын көзілдірік. Оны киген арулар жұмбақтана түседі, ал жігіттер жұмбақты шешуге ынтызар жандар. Сонымен бірге, көзілдірік сіздің ажарыңызға сән береді.
Кез-келген бойжеткенге көйлек киген жарасымды десек, келісерсіз. Алайда, сол көйлегіңіздің қандай матадан тігілгеніне де зер салыңыз. Кашемир, атлас, жібек, бархыт, күдеріден тігілген киіміңіз жанды еліктіретін маталар қатарынан орын алады. Сондай-ақ, кашемир, атлас немесе жібек маталы киімде өзіңізді нағыз ханшайымдарша сезінесіз.
Міне, жоғарыда келтірілген «кеңестерден» кейін сіз жаныңызға серік болар жан іздеуге дайынсыз деп ойлаймыз. Ең бастысы, өзіңізді сүйе біліңіз, ерекшеленіңіз, тәкаппар болудан аулақ болып, жиі күлімсіреңіз! Бастысы, өзіңізге сенімді болсаңыз болғаны!
Ал бақытыңыз өз қолыңызда!
Дереккөз : anabol.kz