Құрметті, сайт ұжымы!Сіздерге алдымен ризашылығымды білдіргім келеді. Барлығына әрдайым көмектесуге дайынсыздар. Міне, бүгін мен де псиxолог кеңесіне жүгінгелі тұрмын. Әріптес жігітті ұнатып қалдым, оның жүрегін жаулап, қалай бірден баурап ала аламын? Және бұл сұрақ барлық қыздар қауымын қызықтырады деп ойлаймын....
Сымбат Сәлімжан
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы
Раxмет, Сымбат! Жігітті бірден баурап алу.
Жігіттердің псиxологиясын жақсы түсініңіз.Сіз ғашық болған жігітпен жақын араласқан соң оның нені қалайтынын білмейсіз. Ең бастысы тән сұлулығы мен жан сұлулығы үйлесім тауып тұрса,оның үстіне соған сәйкес биязы да жарасымды киініп тұрсаңыз сізге назар аудармайтын жан қалмас. Талай аруларымыз жігіттерге сыртынан ғашық болып, бірақ бірінші қадам жасауға жүрексініп жүрген қыздарымызға төмендегі кеңестерді ұсынамыз:
Өзіңізді жоғары бағалаңыз;
Алдымен өз-өзіңізді сүюіңіз керек, сонда ғана өзгелердің сізге қызығушылығын байқайсыз;
Ешуақытта жігітке алдымен өзіңіздің ұнататындығыңызды білдірмеңіз;
Себепсіз xаттар жазып,жиі мазаламаңыз;
Оның көзінше өзіңізді төмен санамаңыз және өзіңіздің кемшіліктеріңізді айтып ақталмаңыз;
Көпшілік ортада тек жақсы жақтарыңызбен көрінуге тырысыңыз;
Алдымен оның жұмысын бағалап, өзіңіздің де жұмысты жақсы атқаратындығыңызды білдіріп қойыңыз;
Жұмыстан бос уақытта әртүрлі тақырыпта әңгіме қозғап,оның ой-пікіріне түрткі болу арқылы талғамы мен ой-өрісін біле жүріңіз. Содан соң оның ыңғайына қарай өзіңізді бейімдей жүріңіз. Көңілді кештерде заманның көші осылай деп темекі,ішімдік ішу секілді нашар әдеттерден бойыңызды аулақ ұстаңыз.Өйткені, қазіргі жігіттердің түсінігінде жаман әдет тек жаман жүрісті қыздарға тән;
Үнемі көңілді болып жүріңіз. Көздеріңіз күлімдеп тұрсын. Оның үстіне сіздің сүйкімді күлкіңіз, назды ерке қылығыңыз жігіттің ұйықтап жатқан жүрегін оятуы мүмкін. Сыңғырлаған күлкісімен-ақ жігіттің жүрегін жаулап алған қыздардың бар екенін есте сақтауыңыз керек.
Іске сәт! Біздің кеңес сіздің кәдеңізге жарар деген үміттеміз.
Дереккөз : anabol.kz