Сатып алу

150-1476220561-61ae283656.jpg

Қазіргі кезде қоғамда белең алған бедеулік атты аты жаман ауру көбейіп барады. Кейбір отбасыларда бала туысымен шетінеп, немесе балалы бола алмай жатады. Осындай жағдайларда халқымыздың керемет ырымын қолданып көруге болады. Ол сатып алу деп аталады

 

 Сатып алу (салт, ырым). Біреудің баласы туысымен шетіней берсе, яғни бала тұрмаса, онда одан кейін туған баланы “сатып алатын” ырым бар. Бұл ырым былай жасалады. Елдегі бақсы, балгер кемпір әлгі үйге келіп, “менің баламды ұрлап алыпсыздар, өзім алам” деп нәрестені ата-анасының наразылығына қарамастан алып кетеді. Бір-екі күннен кейін баланың әке-шешесі әлгі кемпірге барып “бала сатып алады”. Кемпір баланы керегенің астынан алып береді. Сөйтіп, бұл бала “сатып алынған” бала болып саналады. Баласы тұрмай жүргендерге бұдан басқа да жасалатын ырым бар. Мысалы, әлгіндей баланың өмірі ұзақ болсын деп жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады. Бұдан шығатын қорытынды қазақ бала өсіруді бақыт санаған. Балалы болуды армандаған. Мұны “балалы үй базар, баласыз үй қу мазар” дегеннен-ақ аңғаруға болады.

 

 

 

Дереккөз: Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Сейіт Кенжеахметұлы 

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: