Заурбекова Ғазиза Расылханқызы , педиатр:
2 жасқа дейінгі балаларда кездесетін тершеңдіктің себебі Д дәруменінің жетіспеушілігі болуы мүмкін. Бұл жетіспеушілік рахит ауруының симптомы деп саналады. Бұл кезде бала ұйықтап жатқанда немесе емізгенде оның беті мен басының шашы өскен бөлігі қатты терлейді.
3-7 жас аралығындағы балаларда таңдай, мұрын, жұтқыншақ бадамшаларының (миндалина), лимфа түйіндерінің үлкеюі салдарынан жоғарғы тыныс алу жолдары жиі қабынатын балалардың қатты терлеуі лимфалық диатез кезінде болуы мүмкін.
Сондай-ақ терлеуге бейімділіктің тағы бір себебі олардың эмоциялық ерекшелігі мен темпераменті болуы мүмкін. Әдетте балалар көңіл-күйі күрт өзгергенде, ашуланғанда немесе қатты күйгелектенгенде терлейді.
Бұл баланың гиперқозғалғыштық фокторынан, артық салмағы бар бала болса, оның денебітім ерекшелігінен туындауы мүмкін. Сонымен қатар бала суық тию ауруларынан жазыла бастаған кезде де тершең болады.
Тершеңдіктің тағы бір белгісі – қалқанша безінің гипер қызметі. Алайда гипертиреоз балаларға қарағанда, ересек адамдарда жиі кездеседі.
Дереккөз : anabol.kz