Қосымша тағам беріп ем, сәбиім салмақ қосуды қойды. Неге? Педиатр жауабы.

1_1494833214.1742.jpg

Заурбекова Ғазиза Расылханқызы, педиатр:

 Қосымша тағам бере бастаған кезде баланың салмақ қоспауының сиыр сүтінің ақуызын, глютенді көтере алмауы, тағамдық аллергия, дұрыс тамақтанбау сияқты бірнеше себептері болуы мүмкін.

 Оның басты себебі көп жағдайда мальабсорбция синдромы болады, ол қосымша тағам бере бастаған кезде пайда болады. Ол кезде іші кеуіп, іші өтіп, кекіріп, құсады, нәтижесінде гипотрофияға әкеліп соқтырады. Бұл негізінен көмірсуларды, майларды, ақуыздарды сіңіру қабілетінің бұзылуымен байланысты.

 Глютен – қара бидай, арпа, сұлы, сондай-ақ ұнтақ жармасын дайындайтын бидай құрамында кездесетін өсімдік ақуызы. Ол кішкентай сәбилердің ас ішегіндегі тіндер жасушаларының зақымдалуы салдарынан целиакияның немесе аллергиялық реакциялардың пайда болуына ықпал етеді. Себебі, кішкентай сәбилерде глютенді ыдырататын пептидаза ферменттері жетіспейді. Сәбиге жақпайтын тағамды ас мәзірінен алып тастаған жағдайда, оның денсаулығы түзеліп, салмағы қалпына келеді. Ал салмақ қоспаудың себебін анықтау үшін, қосымша тағамды беруді тоқтатып, сәбиді медициналық тексерістен өткізу керек.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: